Ағылшын тілінің елдер бойынша танымалдылығының рейтингісі түзілді
Ағылшын тілінің елдер бойынша танымалдылығының рейтингісі түзілді
9 ай бұрын 1551 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Халықаралық байланыс, қатынас, технология, т.б. тіліне айналған ағылшын тілінің қолданылу аясына қатысты рейтинг түзілді. Бұл жайында islam.kz порталы global-relocate.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл рейтингте Еуропа елдері көш бастаған. EF EPI Global Index әлемнің әр елінің ағылшын тілін меңгеру деңгейін бағалайды. 2024 жыл қорытындысы бойынша жасалған жаңа есеп әлемдегі ағылшын тілінің орташа деңгейі төртінші жыл қатарынан төмендеп келе жатқанын көрсетті. Бұл тарапта ағылшын тілінің қолданылу көрсеткіші бойынша мемлекеттердің 60%-ы өткен жылмен салыстырғанда төмен ұпайға ие болған. Дерекке сүйенсек, әйелдер арасында ағылшын тілін меңгеру деңгейі тұрақты болып қалған, ал ерлер арасында төмендеген. Алайда, әлемнің 40 елінде ерлер ағылшын тілін әйелдерге қарағанда едәуір жақсы меңгерген. Азияда ағылшын тілі деңгейінің күрт төмендеуі тіркелді. Соның ішінде кезінде ағылшындардың отары болған Үндістан мен Қытайда құлдырау  байқалған. Латын Америкасында жағдай бірнеше жыл өсуден кейін тұрақты. Бразилия мен Салвадорда төмендеу тіркелді. Бұл ретте Таяу Шығыста, әсіресе, 18-25 жастағы жастар арасында ағылшын тілін меңгергендер қарасы өсіп келеді. Ағылшын тілінің танымал ететін факторлар: инновациялық жаңалықтардың ағылшын тілінде сөйлейтін елдерде көптеп ашылуы, экономикалық бәсекеге жарамдылық деңгейінің жоғары болуы, табыс деңгейі. Ағылшын тілін меңгеруде мемлекеттік және жекеменшік сектор арасындағы алшақтық ұлғайып келеді: жекеменшік сектор бәсекеге жарамдылығын жоғалтпасы үшін ағылшын тіліне жете мән береді. Сарапшылардың айтуынша, мемлекеттік сектордың ағылшын тіліне жете көңіл бөлмеуінен жаһандық нарыққа интеграциялану процесі төмендеп, мемлекеттердің іскерлік қабілетіне салқынын тигізуде.

Ағылшын тілін кеңінен қолданылатын алғашқы он ел:

1. Нидерланды

2. Норвегия

3. Сингапур

4. Швеция

5. Хорватия

6. Португалия

7. Дания

8. Грекия

9. Австрия

10. Германия

Бұл тізімнің соңында аталған елдер: Тайланд, Ирак, Бенин, Тәжікстан, Ангола, Камбоджа, Либия, Руанда, Сомали және рейтингтің ең соңында Йемен тұр.

0 пікір
Мұрағат