|
Әйелдер мен ер-азаматтар бөлек көшемен жүретін болды
|
Ақпан айының 4-і күнінен бастап Құдыс қаласындағы Керем-Ибрагим деп аталатын еврейлердің әсіре діншілдер тұратын ауданында тек әйелдер ғана жүре алатын немесе тек ер-азаматтарға арналған көше екенін көрсететін арнайы тақта пайда болған еді. Израилдік Ynet ақпарат көзінің таратқан хабарына қарағанда, бұл жаңа ережені аталмыш ауданның тұрғындары өздері енгізген. Ресми биліктің бұған еш қатысы жоқ. Осыған байланысты бірқатар қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар бұл жаңашылдыққа наразылық білдіріп жатыр. Мәселен, "Еркін Израил" деп аталатын қозғалыс жетекшісі Ури Кейдар Құдыс басшысы Моше Леонан еврейлердің әсіре діншілдері енгізген бұл ережені жоюды талап етуде.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Түркі елінде сирек кездесетін аурулардан зардап шегетін науқастар саны артып келеді
■
«Төртінші дублер» құпиясы
■
Латыштардың белгілі бір тобы шариғат талаптарына қарсы қол жинауға кірісті
■
Нобел сыйлығының иегері Омар ойлап тапқан аппарат ауадан тәулігіне 1 тоннаға дейін таза су алуға мүмкіндік береді
■
Мидан бұрын беймәлім болып келген «қарауылдаушы» жасушалар табылды