|
Әйгілі Гандидің ұрпағы азанға құрмет білдірді
|
Үнді саясаткері әрі Ұлттық конгресс партиясының вице-президенті, ағылшындардың отаршылдығынан Үндістанды азат етуге өмірлерін арнаған әлемге әйгілі Неру-Ганди әулетінің бесінші ұрпағы Рахул Ганди мұсылмандардың құрмет-қошеметін жаулап алып, ыстық ықыласына ие болды. Қалай десіз ғой? Ол Уттар-Прадеш штатына қарасты Аллахабад қаласындағы сайлаушыларының алдында сөз сөйлеп тұрған болатын. Сол сәтте азан шақырылады. Азаншының даусын естіген бойда ол сөзін кілт үзеді. Азан шақырылып болған соң ғана сөзін ары жалғастырады. Мұсылмандарға деген осы ілтипаты үшін сол жердегі халық ұзақ уақыт қол шапалақтап, саясаткердің сұңғылалығына ризашылығын осылай білдіреді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Өз-өзін тыңайтатын өсімдік өсірудің жолы табылды
■
Алпауыт елдің биылғы доктринасы: тек күштілеріне көмектесу
■
Қытай алғаш рет жаңғыртпалы энергия көздерінің есебінен электр энергиясына деген жаңа қажеттіліктің орнын толтырды
■
Жыл соңына дейін исламдық ипотека ашылмақ
■
ITS исламдық ITS Shariah индексінің қайта теңгеруін жүргізді