Әкесімен көріскісі келмеген балалар жазаға кесілді
Әкесімен көріскісі келмеген балалар жазаға кесілді
10 жыл бұрын 3689

АҚШ-тың Мичиган штатында әкесімен көрісуге сот арқылы міндеттелген үш бала кәмелет жасына толмағандарға арналған түзету мекемесіне жіберілді. Сот олардың бұл қылығын соттың шешімін құрметтемегені әрі әкесін сыйламағаны ретінде бағалады. Бұл жайында «BBC» ақпарат көзі хабар таратты. Нақтырақ айтқанда, 9-14 жастар шамасындағы екі ұл бала мен бір қыз баланың әке-шешесі 2009 жылы ажырасуға бел байлап, балаларға қамқор болу құқығы үшін күресіп жатыр. Балалар соттың шешімімен анасына қалдырылғанымен әкесімен де көрісіп тұруға міндеттелген болатын. Алайда, олар әкесін көргісі келмейтіндерін жасырмады. Ұл балалардың бірі әкесінің анасына қатал қарайтынын мәлімдеді сотта. Алайда, сот алқасы балаларды анасымен араласуға уақытша тыйым салды «балаларды әкесіне айдап салды» деген желеумен. Айта кету керек, сот бұл арада балаларды әкесіне айдап салды деген анасына таққан айыбына қатысты қандай да бір дәлел келтіре алмады. Балалар түзету мекемесінде қанша уақыт болады, бұл турасында да ақпарат жоқ. Бір белгілісі, балалар қазіргі уақытта Детройттың солтүстік-батысында орын тепкен Понтиактағы кәмлет жасына толмаған, құқық бұзғаны үшін 200 бала тәрбиеленіп жатқан түзету мекемесінде. 

0 пікір
Мұрағат