|
Әл-Азһар Иран билігіне қандай талап қойды?
|
Әлемге әйгілі әл-Азһар университетінің шейхы Ахмет ат-Тайып бейсенбіде осы елдегі Иран елшісі Мұхаммед Махмұт Янмен кездесу барысында Ирактағы және Ирандағы діни жетекшілерден Пайғамбарымыздың (Алланың сәлемі мен игілігі жаусын) жұбайларына және сахабаларға тіл тигізбеу жөнінде арнайы пәтуа шығаруды, сондай-ақ, сүннетті ұстанатын елдерде шииттік бағытты насихаттамауды талап етті. Иран елшісі өз кезегінде әл-Азһар жоғарғы оқу орнының әлем мұсылмандарын біріктіруде, түрлі ағымдар арасындағы талас-тартысқа жол бермеуде үлкен рөл атқарып отырғандығына тоқталып, алғыс айтты.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ғалымдар бір донор жасушасынан тыныс алуға қабілетті адам өкпесін жасады (видео)
■
Биылдан бастап созылмалы ауруы бар адамдар қажылыққа жіберілмейді
■
Араб елі балаларына қарап отырған аналарға алыстан жұмыс істеуге мүмкіндік беретін саясатты жүргізеді
■
Рамазан айының соңғы он күнін Сауд Арабиясында өткізгісі келетіндер алдын ала тіркелуі тиіс
■
Жанасқанын мәтінге айналдыратын «ақылды тері» жасалды (видео)