|
Әлем елдеріндегі Израиль елшіліктерінің алдында наразылық шеруі өтті
|
Шілде айының 19-ы күні Газа секторындағы Израиль агрессиясына қарсы әлемнің түкпір-түкпірінде он мыңдаған адам наразылық шеруіне шықты. Нақтырақ айтқанда, Лондон мегаполисінде 15 мыңға жуық адам наразылық шеруіне қатысты, соның ішінде депутат Дайян Эбботт бар. Олар Израиль билігінен палестиналықтарды жайына қалдыруды талап етті. Жұма күні Йоханнесбургте де Израиль елшілігінің алдында мыңдаған адам жиналып, қантөгісті тоқтатуды талап етті. Израилдіктерге қарсы наразылық акциясы Индонезия астанасында, Джакарта және Берлин қаласында өтті. Ал, Парижде сенбі күнге жоспарланған наразылық шеруі ел билігінің қатаң тыйым салуына байланысты өтпей қалды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қазақстандықтарға шетелде қиын жағдайға тап болған кезде кім көмектеседі
■
Азия елі сумен жұмыс істейтін батарея шығара бастады
■
Ғалымдар обырмен күресу үшін иммундық жасушаны қолдан өсірудің жолын тапты
■
Қытай шөлейттенуге қарсы биотехнологияны қолданады
■
Үндістан мұсылмандар көптеп оқуға түскен үшін медициналық колледжді жауып тастады