|
"Әлем фабрикасы" атанған елде ойыншықпен байланысты 5,27 млн компания бар
|
Tianyancha.com деректер базасының платформасында келтірілген мәлімет бойынша Қытай аумағында ойыншықтар шығаратын әрі ойыншық бизнесімен шұғылданатын 5,27 млн компания бар. Бұл жайында islam.kz порталы Синьхуа ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл компаниялардың 83 пайызы (83%) соңғы бес жыл ішінде ашылған әрі 55%-дан астамы жекеменшік кәсіпорын. Мәселен, Қытайдың бір ғана провинциясының өзінде (Гуандун провинциясы) ойыншықтармен байланысты компаниялар қарасы 590 мыңнан асады. Өткен жылы (2021 ж.) елдегі ойыншық өндірісі бойынша тіркелген фирмалар саны 1,73 млн-ға жеткен. Осы жылдың ақпан айының алғашқы жартысында ойыншықтармен байланысты 100 мыңнан аса компания тірелген.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды