Әлемде туу көрсеткіші күрт төмендеп кеткен
|

Бірірккен Ұлттар Ұйымының халық қорының баяндамасында келтірілген дерекке қарағанда, көптеген елде туу көрсеткіші кері рекорд орнатқан. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағыттағы зерттеу әлемнің 14 елін, соның ішінде Америка құрама штаттарын, Германияны, Үндістанды және олардың 14 мың тұрғынын қамтыған. Сарапшылардың пікірінше, мұндай демографиялық ахуалға бірнеше фактор себеп болып отыр: саяся тұрақсыздық, инфляция (бағаның тоқтамай өсуі), ақшаның құнсыздануы, мемлекет тарапынан жеткілікті деңгйде қолдау көрсетілмеуі, отбасы құндылықтарының әлсіреуі, т.б. Бұған қоса, денсаулығына байланысты ұрпақ өрбітуге қабілетсіз жастар қарасы артып келеді. БҰҰ сарапшылары келесі 90 жылда әлем тұрғындарын санының 3,1 млрд адамға өсетінін болжап отыр. Бұл өсімді Азия мен Африка құрлығындағы және Латын Америкасы құрлығындағы елдер қамтамасыз етпек. Ал еуропалық елдерде, және Жапонияда керісінше туу көрсеткіші төмендей бермек. Қазіргі уақытта кәрі құрлықтағы туу коэффициенті перзент сүюге қабілетті жастағы бір әйелге шаққанда 1,38 баладан аспай қалған. Бұл үрдіс 2008 жылдан бері жалғасып келеді. 2023 жылы Еуропа аумағында 3,67 млн бала өмірге келген екен. Бұл шама 2022 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 5,4%-ға төмен.




