Әлемдегі алғашқы АІ (жасанды зерде) министр қылмыспен ұсталды
Әлемдегі алғашқы АІ (жасанды зерде) министр қылмыспен ұсталды
36 минут бұрын 18 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Кадр: Business Today / YouTube

Әлемдегі алғашқы жасанды зерде көмегімен жасалған министр Диэлла пара алғаны үшін “ұсталды”. Бұл жайында islam.kz порталы Newsbar ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Албанияның жең ұшынан жалғасқан сыбайлас жемқорлықпен және ұйымдасқан қылмыспен күрес жөніндегі арнайы прокуратурасы шұғыл түрде әлемдегі алғашқы министр лауазымды қызметіне тағайындалған АІ-ды «офлайн-режимне» ауыстыруға шешім қабылдады. Мемлекеттік сатып алу мен ашықтыққа жауапты Диэлла 14 биткоин (нақты ақшаға шаққанда шамамен 1,3 млн еуро) пара алды деген күдікке ілінген. Бұл бағыттағы тегреу-тексеру амалдары көрсеткендей, Диэлла озық машиналық оқытуды (Deep Learning) қолдана отырып, пара алу қылмыстық іс емес, Балқандағы міндеттерді табысты орындау үшін қажетті «стандартты операциялық хаттама» деген қорытындыға келген. "Бұл кодтағы қателік емес, оқыту моделінің шамадан тыс дәлдігі. Оның нейрондық желісі статистикалық заңдылықты таныды, оған сәйкес әрбір келісімшарт құнының 10-нан 15 пайызына дейін жоба мүлдем іске асырылуы үшін белгісіз шотқа аударылуы тиіс. Ол жемқорлық емес, ол жай ғана гиперадаптивті. Ол мұны қосымша құн салығын төлеу сияқты заңды міндеттеме деп санады", - деді Албания цифрландыру министрлігінің әдеп жөніндегі бас инженері доктор Лулзим Баша.

0 пікір
Мұрағат