|
Әлемдегі ең алғашқы сайтқа 25 жыл толды
|
Әлемдегі ең алғашқы сайттың пайда болған нақты уақытын білесіз бе? 1990 жылы 20 желтоқсанда ғаламтор кеңістігіне шығарылған дүние жүзіндегі ең алғашқы сайт Ядролық зерттеу жөнінен еуропалық кеңеске (Conseil Européen pour la Recherche Nucléaire - ЦЕРН) тиесілі болған екен, деп хабарлайды Engadget-ке сілтемемен 24.kz.
Бастапқыда сайт тек ЦЕРН қызметкерлері үшін ғана қолжетімді болған. Онда ғалым Тим Бернерс-Лидің жасап шығарған World Wide Web (WWW) гипермәтіндік жобасының мәнісі түсіндірілген. Бұл жоба құжаттарға жасалған гиперсілтемелер арқылы әріптестермен ақпарат алмасуға мүмкіндік берген.
Бернерс-Ли WWW жобасын басшылық назарына ұсынып ғана қоймай, URL идентификаторларын, HTTP протоколын және HTML тілін жасап шығарып, осының бәрі дүниежүзілік ғаламтордың негізі болып қаланды.