|
Әлемдегі ірілігі жағынан екінші орындағы жылдам дайындалатын кеспе нарығы мұсылман елінде
|
Әлемдегі ірілігі жағынан екінші орында тұрған жылдам кеспе нарығы - Индонезияда өткен жылы сұраныс 1% -ға төмендеп, 14,54 миллиард порциядан аспады. Осылайша оңтүстік-шығыс Азия аймағындағы осынау мұсылман еліндегі жылдам әзірленетін кеспеге сұраныс бес жыл ішінде алғаш рет төмендеді. Бұл жайында islam.kz порталы eVnExpress ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бүкіл әлемдік жылдам кеспе қауымдастығының таяудағы есебінде келтірілген дерекке сәйкес аталған тағам түріне сұраныс «валютаның құнсыздануынан және шикізат бағасының өсуінен туындаған бағаның өсуі аясында тұтынушылардың сатып алу қабілетінің төмендеуі әсерінен кеміген”. Индонезия аталған нарық бойынша Қытай мен Гонконгтан кейін екінші орында тұр, олар 43,27 миллиард порцияны жылына тұтынады, бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 1,2%-ға артық. Дегенмен, бір рет пайдаланылатын дайын ыдыс түріндегі кеспе мен орташа және қымбат пакеттердің кеспесі дефляциясы жағдайында да сұранысты ынталандыру жөніндегі түрлі бастамалардың арқасында, соның ішінде өңірлік қалаларға дендеп ену, электрондық коммерция сияқты жаңа арналарды кеңейту және жаңа өнімдерді іске қосу шаралары жылдам әзірленетін тағам түріне сұранысты арттырады. Бұрын жылдам әзірленетін кеспеге сұраныс урбанизация мен азық-түліктің қымбаттауы себебінен артса, енді басқа факторлар ықпал етуі мүмкін. Әлемдік тез дайындалатын кеспе сұранысы өткен жылы 124 миллиардтан астам порцияға дейін өсті, бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 0,7% -ға көп. Бес ірі нарық - Қытай/Гонконг, Индонезия, Үндістан, Вьетнам және Жапония. Ал алтыншы орынға Америка құрама штаттары шықса, одан кейінгі орында Филиппин тұр, Таиланд сегізінші орынға иек артса, Оңтүстік Корея тоғызыншы орынға табан тіреген, осы нарықтағы алғашқы ондықтың соңыннан Нигерия көрінген.