|
Әлемнің 60 елін шарлаған саяхатшы тура жолға түсті
|
Осыдан төрт жыл бұрын Майкл Рупперт есімді 29 жастағы голландық жігіт әлемді саяхаттауға шығады. Ол 60 елде, соның ішінде, Түркия, Индонезия,Албания және Малайзия секілді мұсылман елдерінде де болады. Ұзақ сапарында ол бел жазып, аяқ суыту үшін қонақ үйлерде емес, жергілікті тұрғындардың үйіне аялдайды. Мұсылман отбасыларының тұрмыс-тіршілігін бақылайды, осылайша исламның құндылықтарымен етене танысуға мүмкіндік алған. Нәтижесінде саяхаттап жүріп, іздегенін исламнан тапқан. Әлемді шарлағанда мұратына жеткен, ұзақ сапарында мына қамшының сабындай келте өмірде жолаушыдай күй кешкен саяхатшы бұл сапарының қайырлы болатынын өзі де білмесе керек.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Үндістан мұсылмандар көптеп оқуға түскен үшін медициналық колледжді жауып тастады
■
От пен шоқты қолда ұстауға мүмкіндік беретін мөлдір материал жасалды (видео)
■
Ғалымдар бір донор жасушасынан тыныс алуға қабілетті адам өкпесін жасады (видео)
■
Биылдан бастап созылмалы ауруы бар адамдар қажылыққа жіберілмейді
■
Тұмау вирусы хакер секілді әрекет етеді: жасуша жүйесінің ішін бұзады