|
Әлеуметтанушылар британдықтардың исламға көптеп өтуінің негізгі себептерін атады
|
Британияның IIFLталдау орталығының бұл бағытта арнайы жүргізген зерттеу нәтижесі көрсеткендей, әлемдегі қарулы қақтығыстар мен Газа секторындағы қанқұйлы соғыс британдықтардың исламды қабылдауына ықпал етіп отыр. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде ABNA дерек көзіне жөн сілтеген IslamNews ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұдан бөлек, мұсылмандарға қатысты бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарлар да исламға деген жергілікті халықтың қызығушылығын арттырған. Ал екінші негізгі себепке британдықтардың өмірден мән іздеу талпынысын жатқызып отыр. Аталмыш зерттеу қорытындысы бойынша исламды қабылдаған британдықтардың 20%-ы Газа секторындағы соғыс осындай қадамға итермелеген. Ал 18%-ы ұзақ уақытқа созылған толғаныстан хақ жолға түскен. Осы орайда 2021 жылы Ұлттық статистика кеңсесі жүргізген сауалнама нәтижесін келтіре кеткенді жөн көріп отырмыз: аталған ел тарихында алғаш рет христиандар қарасы Англия мен Уэльс тұрғындарының жартысына де жетпеген.