Алпауыт елдің биылғы доктринасы: тек күштілеріне көмектесу
Алпауыт елдің биылғы доктринасы: тек күштілеріне көмектесу
1 сағат бұрын 43 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Америка құрама штаттарында кеңінен танымал қорғаушы заңгер әрі бұрын байланыс министрлігінің бас директоры болған Шломо Филбер есімді сарапшы биылғы жаһандық саясаттағы тектоникалық өзгерістерді саралай келе өз талдауын ұсыныпты. Бұл жайында islam.kz порталы Сursorinfo ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Оның пікірінше, Израил елу жылда алғаш рет Ұлыбританияның орнын басқан, дәлірегі, ресми түрде “әлемдік шериф орынбасары” мәртебесіне ие болып отыр. Осылайша Израил “алғаш таңдалған серіктес” мәртебесіне ие болған. Мұндай мәртебе тек қағаз жүзіндегі атақ емес, ең алдымен ғаламдық экономикалық процесті басқарудың кілті әрі халықаралық ықпалының тетігі ретінде қарастырылады. АҚШ билігі жаһандық басымдыққа ие болудың жаңа моделін немесе үлгісін түпкілікті бекітті. Аталмыш доктринаға сәйкес америкалықтар бұдан былай қақтығыс орын алған аймаққа сарбаздарын аттандырмайды, яғни, тікелей әскери операциядан бас тартады. Оның орнына “күшті еселеу” рөліне енеді. Бұл стратегияның мәні: Пентагон ешкімнің көмегінсіз, яғни, өз бетінше соғыса алатын елдерге барлау мәліметтерін, технология бойынша және логистикалық жәрдем көрсетумен шектеледі. Яғни, АҚШ ендігі жерде өз шекарасын және батыс блогының мүддесін өз бетінше қорғай алатын одақтастарына ғана көмек қолын созатын болады.

Британия ықпалының әлсіреуі: окоптан штабтқа ауысу

АҚШ-тың Ирактан Ауғанстанға дейінгі барлық әскери жорығында ондаған жылдар бойы «оң қолы» немесе сенімді серігі болған Ұлыбритания 2026 жылы түбегейлі екінші орынға сырғыды. Лондон ішкі проблемалардың тұтқынына айналды: пост-брексит ауыртпалығы, әскери бюджеттің қысқаруы және қоғамдық апатия елді белсенді жауынгерлік іс-қимылдарға қатысу қабілетін төмендетті. Бүгінде Ұлыбританияның рөлі «қамтамасыз етуші фактор» функциясына айналды. Бұл ел енді бірінші болып ұрысқа аттануға дайын шерифтің көмекшісі емес. Енді Лондонның міндеттері Диего-Гарсия сияқты әскери базаларды дипломатиялық тұрғыдан қолдаумен және пайдаланумен шектеледі. Ұлыбритания процестерді басқаруға көмектесетін, бірақ, оған өзі тікелей араласпайтын тыл штабына айналды.

Израилдің «алғаш таңдалған серіктес» ретіндегі рөлі

2026 жылғы ең атышулы геосаяси құбылыс - Израилдің Уашингтон үшін бірінші стратегиялық ойыншыға айналуы. Бүгінде америкалық әкімшіліктегілер Құдысты «Partner of First Choice» деп атайды.

Израилдің мұндай мәртебеге ие болуының бірнеше себебі бар:

l  Соғыстағы дербестік: Израил - Иран мен оның сателлиттерінен туындайтын жаһандық қауіптерді жалғыз өзі жоя алатынын дәлелдеген жалғыз ел.

l  Технологиялық экспорт: Ел «әлемдік қауіпсіздік зертханасына» айналды. «Хец», «Дәуіт таяқшасы» жүйелері және «Ор Эйтан» лазерлік кешені жасанды зердемен бірге Израилді қорғаныстың ірі экспорттаушысына айналдырды.

l Өңірлік тәртіптің кепілі: Израил бүгінде Таяу Шығыста өзінің және батыс мүддесін қорғап, АҚШ-қа өз ресурстарын басқа бағыттарға жұмылдыруға, соның ішінде Қытайды тежеп ұстауға мүмкіндік береді.

Түпкі мақсат: күшті капиталға айналдыру

Шломо Филбер астын сызып тұрып атап өткеніндей, биылғы әскери үстемдік - ақырғы меже емес, бар-жоғы іргетас ретінде алға шығады. Израилдің басты стратегиялық міндеті - өзінің әскери қуатын экономикалық ықпалдың тетігіне айналдыруға саяды. Израил төтенше және экзистенциалды қауіп-қатерді сейілте отырып, жаһандық нарыққа өз ойын ережесін таңатын, құлашы жаһанды қамтитын аймақтық экономикалық державаға айналудың тарихи мезеті туып келеді.

0 пікір
Мұрағат