Алтын және ислами қаржы интеграциясы
Алтын және ислами қаржы интеграциясы
1 ай бұрын 791 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Алтынның бағасы соңғы уақытта шарықтап, ең құнды активке айналды. Түрлі факторға байланысты. Соның ішінде Ақ үй қожайыны Доналд Трамптың тарифтік саясаты да өз ықпалын тигізді. Бұл жайында islam.kz порталы islamicfinance.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұдан бөлек, Иран, ресей секілді автократиялық елдерді SWIFT халықаралық төлем жүйесінен ажыратып тастағандықтан сырт елдермен сауда жүргізуден қалған болатын. Бұл фактор да автократиялы елдердің санкцияны айналып өтуіне мүмкіндік беретін, долларға тәуелсіз баламалы есеп айырысу жолдарын іздеуге итермеледі. Осындай жаһандық тенденцияларға байланысты әрі ешуақытта құнын жоймайтын актив ретінде алға шығатын алтынды ислам қаржысына интеграциялау қажеттілігі туындады. Осы орайда жаһандық жалпы ішкі өнімнің төрттен бірін құрайтын Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше сегіз елдің (Қытай, Пәкістан және Ресей де бар құрамында) алтын қоры молығып, тқрт миллиард долларға жуықтап қалғанын айта кетпекпіз. Алтынды ислами қаржы құндылығын ілгерлету үшін Түркия мен Малайзия мұсылман елдері арасында алғашқы болып, нақты қадамдар жасады. Атап айтқанда, Түркия мен Малайзия исламдық қаржы алтын банкіне және алтынға негізделген валюта дамуына жетекшілік етуде. Малайзияның Келантан мен Перак штаттары алтын динар мен күміс дирхам тиындарын төлем және сауда құралы ретінде енгізді. Turkish Islamic bank (Түрік ислам банкі), Kuveyt Türk (Кувейт Түрік Банкі) 2007 жылы алтын банкинг ұсынуға кірісті және 2019 жылдың шілдесінде 1,2 миллиард долларға бағаланатын 26 тоннадан астам алтын жинады және оны түрік экономикасына интеграциялады. Қазіргі бастамалар халқаралық сауда-саттыққа аса қолайлы, сонымен бірге, ислам қаржысына негізделген алтынмен қамтамасыз етілген криптовалютаны қамтиды. 2016 жылы Дүниежүзілік алтын кеңесі және Ислам қаржы институттарының бухгалтерлік және аудит ұйымы (AAOIFI) ислам қаржысындағы алтын қорларын пайдалануды арттыру және жаңа қаржы құралдарын жасау мақсатында алтын негізіндегі өнімдер үшін шариғат стандартын бекітті. Стандарт кепіл мүлікті қолдануды және алтынды нарықтық және кейінгі операцияларда айырбастауды қарастырды.

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3