|
Алтыннан маска жасатқан кәсіпкер жұқпалы індеттен өлді
|
Әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары шілде айында жарыса жазған үнді кәсіпкерінің алтыннан маска тіктіргені турасындағы ақпарат естеріңізде шығар. Жазмыштан озмыш жоқ – алтын тақтың үстінде отырса да межелі мезгілі келгенде хан да, қараша да ажалдың дәмін татады. Үндістанның Пимпри-Чинчвад провинциясының Шанкар Кураде есімді 49 жастағы кәсіпкері алтыннан жасалған маскіге тапсырыс берген болатын. Асып-тасыған үнді кәсіпкерінің ажалы ақыры тәжді тажалдан болды. Күн сайын бір келіге тарта алтыннан соғылған әшекейлі бұйымдарды тағып жүретін үнді кәсіпкері салмағы 60 грамм болатын алтын маскіге тапсырыс берген еді. Бұл маскіні дайындауға аттай 8 күн кеткен болатын. Бұл маскі үшін ол қалтасынан 4 мың долларды санап берген еді.
![]()
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
2025 жылы 83 ауыл тарап кетті, ал 25 жылда 1,8 мың ауыл жойылған. Қазақстанда 90 елді мекен қала мәртебесіне ие
■
Мәйітті жерлеудің тағы бір түрі пайда болды
■
Әлемге әйгілі компания бизнес құрылымын өзгертеді
■
Африка үшін бәсекелестікте Қытай күтпеген жүріс жасады
■
Еуроодақ атылатын қарулар мен 3D-принтерінде басылған қарулар бойынша қылмыстық жауапкершілік енгізейін деп жатыр