Америкалық биологтар құрып кетуі мүмкін жануарларды атады
Америкалық биологтар құрып кетуі мүмкін жануарларды атады
8 жыл бұрын 3336 bnews.kz/

Америкалық биологтар жерде алтыншы жаппай жойылудың зардабын тартатындар туралы айтты. Ғалымдардың пікірінше, алдымен салмағы ауыр жануарларға қауіп төнбек. Бұл зерттеудің қорытындысы "Science" журналында жарияланды. 

Теңіз экожүйелерін экспериментке алып, зерттеушілер жаппай қырылудың алғашқы зардабын тартатын организмдерді болжады. Олардың ішінде мұхиттың алып мекендеушілері бар. Жануар денесінің массасы он есе ұлғайса, жаппай қырылу ықтималдығы 13 немесе одан көп есе артады. Жануарлардың жойылып кетуіне антропогенді фактор басты себеп болуы мүмкін.

Биологтардың пікірінше, адамдар көбіне өз қажетіне ірі жануарларды пайдаланады. Ал олардың саны азайып, жоғалуға айналғанда ұсақ жануарларға ауыз сала бастайды. Билогтардың пікірінше, әлі де алтыншы жойылудың алдын алуға болады.

Соңғы 440 миллион жыл ішінде Жердегі жануарлар бес рет жаппай жойылуды бастан өткерді. Мұндай кезде жануарлардың түрі  90 пайызға қысқарды.

Соңғы 440 миллион жыл ішінде Жердегі жануарлар бес рет жаппай жойылуды бастан өткерді. Мұндай кезде жануарлардың түрі  90 пайызға қысқарды.

0 пікір
Мұрағат