|
Амстердамда өзгеше фото көрме өтеді
|
Үстіміздегі жылдың сәуір айының 11-і күнінен бері Нидерланды астанасында өзгеше фото көрмесі өтуде. «Muslim worden» деп аталатын бұл шара қыркүйек айының 14-не дейін созылады. Экспозиция ислам дінін қабылдаған голландықтарға арналған. Көрмеге ислам дініне өткен Нидерланды тұрғындарының фото-суреттері қойылған. Бұған қоса, олардың ислам дініне қалай келгендігін баяндайтын түрлі мәтіндер жұрттың назарына ұсынылған. Аталмыш көрме Амстердам қаласының қақ ортасында – «Amsterdam museum»-де өтіп жатыр. Сөз арасында айта кету керек, бүгінгі таңда Еуропаның осынау елінде ислам дінін қабылдаған байырғы тұрғындардың қатары бірнеше мың адамға жетті. Жалпы бұл елде шамамен 700 000 мұсылман жамағаты өмір сүріп жатыр.




Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қазақстандықтарға шетелде қиын жағдайға тап болған кезде кім көмектеседі
■
Азия елі сумен жұмыс істейтін батарея шығара бастады
■
Ғалымдар обырмен күресу үшін иммундық жасушаны қолдан өсірудің жолын тапты
■
Қытай шөлейттенуге қарсы биотехнологияны қолданады
■
Үндістан мұсылмандар көптеп оқуға түскен үшін медициналық колледжді жауып тастады