|
Ана сүті банкі ашылды
|
Кенияда тұңғыш рет нәрестесін емізуге шамасы келмейтін немесе ана сүтімен жарытпайтын аналардың балалары үшін ана сүті банкі ашылды. Бұл жайында орыстардың Reuters ақпарат ресурсы хабар таратты. Құрамында балаға не керектінің бәрі бар құнарлы ана сүті шала туған немесе аурушаң балалардың өсіп-жетілуіне көп көмегін тигізеді. Аталмыш банк Кенияның денсаулық сақтау министрлігінің әрі Африканың ел тұрғындарының және денсаулық сақтау ғылыми-зерттеу орталығының қолдауымен Найроби қаласындағы Пумбани перзентханасында ашылды. Сөз орайы келгенде айта кету керек, мұндай банктер Африканың бірқатар елінде, атап айтқанда, оңтүстік Африка республикасында, Мозамбикте және Кабо-Верде де бұрыннан бар.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Халал инвестиция 2025 жылы 25,5% табыс әкелді
■
Үйдің қай қабатында тұратын адамдардың денсаулығы ерте сыр береді? – зерттеу
■
Климат дағдарысы Айдың Жерден алыстауын тездетті
■
Айдың Жерге қараған жағында қонақ үй пайда болады (видео)
■
Францияда өлім алғаш рет тұрғындар өсімінің көрсеткішінен асып түсті