|
Анкарадағы жарылыстардан қаза болғандар саны 95-ке жетті
|
Анкарадағы теракттан қаза болғандар саны 95-ке жетті, 246 адам жарақат алған, олардың 48-і жансақтау бөлімінде жатыр, - деп хабарлайды РИА Новости Түркияның премьер-министрі Ахмет Давутоғлыға сілтеме жасап.
Премьердің кеңсесінің өкілдері жазбаша мәлімдемесінде террорлық актіні тергеудің жалғасып жатқанын, Анкара прокуратурасының қаза болғандардың аты-жөнін анықтаумен айналысып жатқанын хабарлады.
Еске салайық, Түркиядағы теміржол вокзалының маңында екі жарылыс болған еді. Осы қайғылы жағдайға байлаысты ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады. Түркия Республикасының билігі үш күдік аза тұту күнін жариялады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Кентавр роботтың қандай пайдасы бар (видео)
■
Қазақстанда ел ішіп жүрген кейбір шайлар қауіпті болып шықты
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
2050 жылға таман жаһандық жылынудан тағы бірнеше жүз мың өлім-жітім болады
■
Мәйіт өртейтін елде крематорилер жұмысын тоқтатып жатыр