Аңшы бас шекесін тіс қаптаған арыстанды атып тастады (фото)
Аңшы бас шекесін тіс қаптаған арыстанды атып тастады (фото)
10 жыл бұрын 7681 24.kz Г.Абилова idahostatejournal.com

АҚШ-тың Айдахо штатынан табылған хайуанның өлексесін көрген жұрт жағасын ұстап, аузын ашты. Мұнда жергілікті аңшы табиғи ауытқушылықпен туылған тау арыстанын атып тастапты, деп хабарлайды Idaho State Journal. Аңның өлексесін жақын барып қарағандар оның сол жақ құлағының тұсынан ақсиып-ақсиып өсіп шыққан тістерді көрген. Жергілікті аңшылардың айтуынша, олар мұндай ерекшелігі бар жыртқышты өмірлерінде бұрын-соңды көрмепті. Қазір аңшының бұл олжасы туралы ақпарат жер-жаһанды шарлап, таңданыспен қоса үрей тудыруда. Мемлекеттік балық аулау және аңшылық департаментінің мәліметінше, қақ шекесін тіс қаптаған жануар жергілікті шаруаның итіне шауып, талап тастаған. Сол сәттен бері көзге іліккен арыстан ақыры оққа ұшқан екен. Зоологтардың айтуынша, оның шекесіндегі тістер туылған кезде болған. Себебі ол бастапқыда дүниеге егіз болып туылуы керек болған болуы әбден мүмкін. Бірақ, белгісіз себептермен екінші ұрықтың өсіп-жетілуі кенеттен доғарылып қалып, оның жарық көрген осы сыңарының басына туа біткен.

0 пікір
Мұрағат