|
Ақ нәсілділерді жұмысқа қабылдауға шектеу қойылды
|
Ұлыбританияның әскери әуе күштері этникалық және гендерлік әралуандылық бойынша көрсеткішке жету үшін ақ нәсілді ер адамдарды іріктеу процедурасын уақытша тоқтатты. Бұл жайында islam.kz порталы Sky News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Десе де аталған елдің әскери әуе күштерінің мұндай саясатына сарапшылар наразылық білдіріп отыр. Олардың айтуынша, Қытаймен және Ресеймен арадағы салқын қатынас орнаған тұста мұндай саясат ұлт қауіпсіздігіне қатер төндіреді. Дәлірегі, жұмысқа қабылдау кезінде оның жынысының немесе терісінің түсі емес, кәсіби дайындығы маңызды екенін алға тартып отыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Таяу Шығыс аймағынан алтынның ірі кеніші табылды
■
Ғалымдар сегізаяқты жасыруға көмектесетін қабілетті қайталауға мүмкіндік беретін пигментті өндірудің жолын тапты
■
Араб елінде алтын құймаларына арналған банкомат пайда болды
■
Әлемдегі ең автократиялы елдің қалта телефоны тек хабарласу құралы ғана емес, сонымен бірге, тыңшылық ету құрылғысы (видео)
■
Әлемде алғаш рет ұшқышсыз ұшатын Bayraktar Kızılelma жойғыш ұшағы ұшақты атып құлатты (видео)