|
АҚШ бүкіл әлемде бір жыныстылардың некесін заңдастыруды көздейді
|
АҚШ бір жыныстылардың некесін заңдастырып тастады. Енді бүкіл әлемнің бір жыныстылардың некесін заңдастыруына күш салатын болады. Бұл жайында АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джон Керри мәлімдеме жасады.
«Жоғарғы соттың шешімі әлемнің әр түкпіріне нақты белгі бермек: кемсітушілікке жол беретін бірде бір заң әділеттіліктің алдына кесе көлденең тұрмауы тиіс»,- деді мемхатшы сөйлеген сөзінде. Бұл бағыттағы миссияны еркекшоралар мен қызтекелер, бисексуалдар мен трансгендер құқығы жөніндегі арнайы елші Рэнди Берриге жүктелгенін жеткізді. Ол өз кезегінде әлемнің кез келген түкпірінде дәстүрлі емес төсек қатынасын қолай көретіндердің құқығының бұзылмауын қадағалайтын болады. Айта кетейік, үстіміздегі жылдың маусым айының 26-ы күні АҚШ-тың Жоғарғы соты бүкіл ел аумағында бір жыныстылардың некесін заңдастырды. Қызтекелердің үйленуі ендігі жерде олардың конституциялық құқығы болып саналады. Бұрын мұндай неке елу штаттың тек 37-де ғана заңдастырылған еді. Қалған штаттарда серігімен
қатынасын заңдастыруды қалаған 70 мыңдай қызтеке бар болып шықты. Солардың құқығы ескеріліп, әлгіндей азғындыққа бастайтын заң қабылданып кетті. Бүгінгі таңда бір жыныстылардың некесі әлемнің 20 елінде және Мексиканың кей штаттарында, Ұлыбританияның едәуір бөлігінде заңдастырылған. Бір жыныстылардың некесі тұңғыш рет 2001 жылы Нидерландыда заңдастырылған еді.
Сұмдық...
Басқа сөзім жоқ.