|
АҚШ күллі әлемде Ресейдің ықпалына қарсы орталықтар ашады
|
Аталмыш жоба алдымен Грузияда, Балтық жағлауындағы елдерде және Балқан түбегінде осы көктем мезгілінде жүзеге асырыла бастайды. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, АҚШ тарапы Ресейдің ақпараттық ықпалын аталған аймақтарды кеміту үшін осындай жобаны қолға алмақ. Бұл жайында орыстардың "Известия" ақпарат көзі хабар таратты. АҚШ мұнымен ғана шектеліп қалмай, күллі әлемде цифрлы тергеу бойынша ұлттық орталық ашуды көздеп отыр. Бұл орталықтың жұмысына Facebook, Twitter және Google IT-алыптар тартылады. Мұндағы мақсат аталған елдерде Мәскеудің қоғамдық пікірге тигізер ықпаолын анықтау әрі оған тосқауыл қоюға саяды. Америкалықтардың ақпарат майданындағы бұл қадамы өз кезегінде өзге елдерді Ресейдің ықпалынан қорғап, қауіпсіздігін қамтамасыз етпек.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Үндістан мұсылмандар көптеп оқуға түскен үшін медициналық колледжді жауып тастады
■
От пен шоқты қолда ұстауға мүмкіндік беретін мөлдір материал жасалды (видео)
■
Ғалымдар бір донор жасушасынан тыныс алуға қабілетті адам өкпесін жасады (видео)
■
Биылдан бастап созылмалы ауруы бар адамдар қажылыққа жіберілмейді
■
Араб елі балаларына қарап отырған аналарға алыстан жұмыс істеуге мүмкіндік беретін саясатты жүргізеді