|
АҚШ түрмесінде тұтқындарға радикал тәкбіршінің кітабы таратылды
|
Ирактағы америкалық әскерилердің қарауындағы түрмеде отырған тұтқындарға радикалды сәлафшы әрі «әл-Каида» лаңкестік ұйымының жетекшілерінің бірі болған Әбу Мұхаммед әл-Макдисидің кітабы таратылып жатыр. Бұл жайында IslamNews ақпарат агенттігінің тілшісіне есімі елге белгілі араб көсемсөзші, ирактың қарсыласу қозғалысының саяси кеңесінің баспасөз хатшысы, доктор Әбдірахман әл-Жанабиге айтып берген. Есімі аталған бұл тұлға да америкалық түрмеде отыр. Айта кетейік, шейх әл-Макдиси тұтқындарға таратылған бұл еңбегінде радикалды көзқарасты таңып, бірқатар елдердің басшыларын кәпір санаған болатын. Мәселен, Сауд Арабиясы мен Парсы шығанағындағы бірқатар елдердің басшыларын мұсылмандар қатарына жатқызбаған. Оның идеясы – Таяу Шығыста мұсылман елдері арасына жік салуға саяды. Әл-Жанабидің сөзіне сенетін болсақ, америкалықтар радикалдарды тобымен түрмеден қашырып жіберген. Олардан артынан қарулы жасақ сайламақ.