АҚШ-тың Иранға санкция салу мүмкіндігі таусылды
АҚШ-тың Иранға санкция салу мүмкіндігі таусылды
20 сағат бұрын 172 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Америка құрама штаттарының Иран экономикасын шектейтін тетігі ққалмады десек те болады. Осылайша санкция мүмкіндігі сарқылды. Бұл жайында islam.kz порталы Bloomberg іскерлік ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Санамаласақ, соңғы бар-жоғы сегіз жылда АҚШ тарапынан Иранға салынған санкциялар саны 2000-ға дейін жеткен. АҚШ санкциясы Иран экономикасын барлық жағынан қыспаққа алған: мұнай өндіретін компаниялар мен кеме фимарларынан бастап, валюта қорына дейінгі салаларды түгел қамтыған. Тіпті, Қытаймен арадағы делдал компаниялар мен Таяу Шығыстағы Иранды жақтайтын күштерге дейін санкция салынған. Алайда, бұл санкциялар Иранды сындыра алмады. Керісінше Иран ғылымда, ғарышта, медицинада, технологияда бас айналдырар жетістікке жетіп, қару-жарақ арсеналын байытып, экономикасын мейлінше әртараптандырып шыңдалды. 

0 пікір
Мұрағат