|
АҚШ ұлттық криптовалюта қорын құрады
|
Америка құрама штаттары үкіметінің басты міндеттерінің біріне биткоиннің стратегиялық қорын құру жатады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Bernstein дерек көзіне жөн сілтеген CoinDesk ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.
Ақ үй қожайыны Доналд Трамп 2025 жылдың қаңтар айының 23-і күні бұл тарапта жұмыс тобын құру туралы жарлыққа қол қойды. Сонымен қатар, осынау секторға қатысты федералдық нормативтік базаны іске асыру бойынша ұсыныстар дайындайды және биткоинның стратегиялық резервін қалыптастырудың келешегін бағалайды. Алдымен криптовалютаның нақты жіктемесі әзірленеді.
Десе де резервтік жоспарды бекіту шарасы өз кезегінде кейбір құрылымдық мәселелерді шешуді талап етеді, атап айтқанда:
• Биткоиндарды сатып алуға Федералдық резервтік жүйенің (ФҚЖ) немесе АҚШ-тың қаржы министрлігінің қайсысы тартылатынын анықтап алу керек. Егер бұл жобаны жүзеге асыру федералды резервтік жүйеге жүктелсе, онда бұл заңнамаға тиісті түзетулер енгізуді қажет етеді;
• Инвестициялар қандай көздерден қаржыландырылады? Бұл бағытта федералды резервтік жүйе аталмыш жобаны қаржыландыру үшін алтын қорларының бір бөлігін сатуы мүмкін (бұл Cynthia Lummis-тің тиісті векселіндегі тетікпен сәйкес келеді) немесе облигациялардың, яғни, құнды қағаздардың жаңа партиясын (T-bills) шығаруы мүмкін. Бұдан бөлек, АҚШ билігі сақтаулы активтен криптовалюта қорына 20 млрд доллар бөлуі мүмкін.