Ақтөбе тұрғыны Құрбан айт күні мешіттің табалдырығында қайтыс болды
Ақтөбе тұрғыны Құрбан айт күні мешіттің табалдырығында қайтыс болды
10 жыл бұрын 4481

Бүгін Ақтөбеде таңғы намазға келген бір тұрғын мешітке жете алмай, Алланың жердегі үйінің табалдырығында қайтыс болды деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбе облыстық «Нұр ғасыр» мешітіне таңғы намазға жиналғандар көп болды. Таңғы айт намазын оқуға келген бір ақтөбелік мешітке дейін жете алмай, табалдырықта отырып қалған.

Тұрғынға көмек керек екені туралы хабар жедел жәрдем қызметіне сағат сегізге таман түскен.

“Облыстық мешіт жанында жедел-жәрдем қызметінің екі бригадасы жұмыс жасады. Шамамен 50 жастағы ер адамға көмек керек екені туралы бізге таңғы сегіздерде хабар келді. Алғашқы көмек көрсетуге жеткен мамандар келгенше адамның белгісіз жағдайда жан тапсырғаны анықталды. Қайтыс болған адамның қасында ешкім болмағандықтан оның кім екенін біле алған жоқпыз. Шамамен 50 жастағы азиат нәсілді адам”, - деп хабарлайды жедел жәрдем станциясы бас дәрігердің орынбасары Дастан Неталиева.

Мүрдені полиция қызметкерлері мәйітханаға алып кеткен.

 

 
1 пікір
Мұрағат