|
"Ақылды" дәріхананың артықшылығы неде
|
Иранның батыс Әзірбайжан провинциясына қарасты Урмия (Оурмийе) қаласындағы "Tadbir" медициналық кешенінде алғашқы "ақылды" дәріхана ашылды. Аталмыш дәріхана роботты техникамен жабдықталған. Бұл өз кезегінде медициналық орталықтың жұмыс тиімділігін әрі пайдасын арттыруы мүмкін. Бұл жайында Financial Tribune ақпарат көзі хабар таратты. "Ақылды" жүйе алдымен рецептіні көшіріп алады, сонсоң қажетті дәріні сөреден өзі алып, тұтынушыға ұсынады. Мұндай технологиялық жүйенің ең басты артықтышылығы онлайн-платформаға қосылып, дәрігердің өзінен тікелей рецептіні алып, дәріні дайындауда жатыр. Сондай-ақ, тұтынушыға қажетсіз дәріні беруден сақтандырылған. Өйткені, машина қателесуге бейім тұратын адамдарға қарағанда мұндай кемшіліктерге жол бермейді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Тұмау вирусының жасушаға қалай жұғатыны таспаға тартылды (видео)
■
Моңғолиядан келген қандастардың жалпы еңбек өтілі енді Қазақстанда есепке алынады
■
Алжу ауруына ұшыраған науқастың дертке шалдыққан сәтінен бастап қанша өмір сүретіні айтылды
■
Зорлық-зомбылықтан өлім-жітім азайып келеді
■
Биылғы ең ықпалды 10 мемлекет аталды