|
Әр наным-сенім бойынша діннен шығу көрсеткіштері жарияланды
|
Таяуда Pew зерттеу орталығы жүргізген сауалнама нәтижесі күллі наным-сенім арасында исламнан шыққандар қарасы ең азы болып тіркелгенін көрсетті. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу орталығының келтірген дерегіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағытта әлемнің 13 ееліне талдау жүргізілген екен. Осы елдердің ішінде, атап айтқанда, Бангладеш, Үндістан, Индонезия, Израил, Тунис және Түркияда мұсылман отбасында келгендер ересек кезінде де мұсылман болып қалғанын мәлімдеген. Ал кей елдерде мұсылмандар ортасында өскен ересектердің көбісі өөзін мұсылман санайтынын жасырмаған. Мәселен, Америка құрама штаттары мен Кения исламды қабылдаушылар қарасы бойынша әлемде көш бастап тұр: америкалықтардың 20% мұсылманы мен кениялық мұсылмандардың 11%-ы өзге наным-сенімдегі отбасында дүниеге келгендерін жасырмаған. Мұсылмандардың діннен шығу көрсеткіші ең төмен Америкада сауалнамаға қатысқандардың шамамен төрттен үші мұсылман тәрбиесінде өскенін әрі өзін мұсылман санайтынын жеткізген. Екінші жағынан, зерттеу жүргізілген елдердің көпшілігінде христиандық дінді тастағандар санының қабылдағандармен салыстырғанда ең жоғары арақатынасымен, яғни, ең үлкен шығынмен сипатталады. Мысалы, Германияда христиандар арасындағы бұл арақатынас 19,7-ден 1,0-ге тең, яғни, басқа әлемдік дінде немесе дінсіз тәрбиеленгеннен кейін христиан болған бір неміске шаққанда 20-ға жуық немістен келеді - оларды бала кездерінде христиан ретінде тәрбиелеген, алайда, бүгінде олар өздерін христиан санамайды. Сондай-ақ, зерттеу нәтижесі көрсеткендей, буддизм басқа дінге ауысудан ең көп шығынға ұшыраған наным-сенімге айналған - негізінен Жапония, Сингапур және Оңтүстік Корея сияқты бірнеше елде буддизмен бас тартып жатқандар қарасы көп. Мысалы, будда ілімінде тәрбиеленгенімен бұдан былай буддадан бас тартқан адамдардың ең көп пайызы тіркелген Жапония елінде – шығу мен қосылу арақатынасы 11,7-ден 1,0-ге тең, яғни, 11,7 адам шықса, қосылғандар саны 1,0 адамнан аспаған. Ал осы жылдың наурыз айында Pew Research Center-дің «Бүкіл әлемде көптеген адамдар өздерінің бала кезіндегі дінін тастап кетеді» атты баяндамасы жарияланды, онда 80 000 респонденттің қатысуымен 36 елде жүргізілген сауалнама негізінде дінге көшудің жаһандық үрдістері қарастырылған. Бұл бағыттағы деректер аймақтық айырмашылықтарды айғақтайды. Шығыс Азияда, Батыс Еуропада және Солтүстік Америкада басқа дінге көшу процесі кең таралған. Әсіресе, Оңтүстік Корея көп ерекшеленеді, онда ересектердің 50% -ы балалық шағындағы діннен шыққан, ал АҚШ-та бұл көрсеткіш 28% -ды, ал Нидерландыда 36% -ды құрайды. Бразилия да 21% -ға жуықтаған. Керісінше, Үндістан, Израил, Нигерия және Тайланд сияқты елдер дінінде қалу бойынша тұрақтылығын сақтап қалған, онда ересектердің 95% -дан астамы өздерінің бала кездегі дінін ұстанады. Яғни, ересек тартқанда да бала кездегі наным-сенімінен ажырамаған. Бүкіл әлемдегі өзгерістердің негізгі бағыты – діннен шығу үрдісі, әсіресе, батыс елдерінде басым болып отырған христиан дінінен және буддизмнен бас тарту үрдісі белең алып келеді, әсіресе, Жапонияда (шығын - 26%) және Оңтүстік Кореяда (буддист болып өскендердің 61% өздерін буддист ретінде санамайды). Бұл өзгерiстер аға буын өкiлдерiне қарағанда жастар арасында едәуiр жиі орын алады. Испанияда 18-34 жас аралығындағы жастардың 48% -ы 50 жастан асқан жастардың 36% -ымен салыстырғанда басқа дінге көшті, ал Колумбияда - жастардың 34% -ы қарттардың 14% -ына қарағанда өзге наным-сенімге ауысқан. Христиан дінінде өскен жас колумбиялықтардың 26% -ы қазір ешқандай дінді ұстанбайды, ал егде жастағы адамдардың 9% -ы ата-баба сенімінен бас тартқан. Буддизмнiң шығыны Шығыс Азияда да байқалады: күншығыс елі мен таңғы шық елінде аффилирленбеген мәртебеге көшкендер қарасының едәуір артқаны байқалады.
