|
Араб елі 3 жылдан соң қолма-қол ақшамен есеп айырысудан толық бас тартады
|
Алжир банк мекемесінің жетеушісі Салах Едін Тәліп Algérie Presse Service агенттігіне берген сұхбатында елдегі қаржы жүйесін жетілдіруге әрі экономиканы тұрақтандыруға бағытталған ауқымды реформалар жүргізілетінін мәлімдеді. Бұл жайында islam.kz порталы Fintech&Retail ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осы мақсатта арнайы жол картасы қабылданатынын жеткізді. Тарихи маңызы зор бастама ең алдымен банк жүйесін жетілдіруге, қаржының ашықтығын қамтамасыз етуге, ақшаның жылыстауымен күрестің тиімділігін арттыруға бағытталады. Бұл тарапта ел экономикасын цифрлау науқаны жүргізіледі – барлық транзакция электронды төлем жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Оның айтуынша, осы міндетті іске асыру үшін Алжир Банкі жақында қабылданған ақша және несие саясаты туралы заңға негізделген егжей-тегжейлі жоспар әзірледі. Осы орайда аталмыш заң 2003 жылғы жарлықты алмастыратынын айта кетпекпіз. Таяудағы заң технологиялық инновацияларға сәйкес келетін қазіргі заманғы нормативтік базаны құрады және толығымен цифрлық қаржы жүйесіне көшуге жауапты төлемдер жөніндегі ұлттық комитетті құруды көздейді. Саалах Тәліп нақтылағандай, реформа нарыққа жаңа қатысушыларға, соның ішінде төлем қызметтерін жеткізушілерге, цифрлық банктерге, ислам банктеріне, инвестициялық банктерге және орталық банктің болашақтағы цифрлық валютасына қол жеткізу мүмкіндігін арттырады.