Араб елі ағза донорлығы туралы декларацияны оңтайландыру үшін цифрлы платформа енгізеді
Араб елі ағза донорлығы туралы декларацияны оңтайландыру үшін цифрлы платформа енгізеді
7 сағат бұрын 76 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Марокконың әділет министрлігі денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігімен бірігіп, қатерлі сәтті немесе аса қажетті жағдайда жұмысты үйлестіру әрі уақытты реттеу мақсатында ағзалар донорлығына қатысты өтініштерді тіркеуге арналған цифрлы платформа әзірлеуге кіріседі. Бұл жайында islam.kz порталы әділет министрі өз кезегінде Әбділәтіп Уақби мәлімдемесіне жөн сілтеген Morocco News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Парламенттік сауалға жазбаша жауап берген Әбділәтіп Уақби платформа соттарға ағзасын қайырымдылыққа бергендер туралы декларацияларды дереу тіркеуге және оларды кез келген өзгерістер мен пікірлерді қоса алғанда, нақты уақыт режимінде жаңартуға мүмкіндік беретінін мәлімдеді. Цифрлы жүйе мемлекет қорғауындағы бір орталыққа шоғырландырылған дерекқормен байланысуға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, мұндай жүйе ауруханалар мен денсаулық сақтау органдарына жаңартылған ақпаратты дереу алуға, сондай-ақ, соттар мен денсаулық сақтау секторы арасын жедел үйлестіруді қамтамасыз ету үшін шұғыл жағдайларда автоматты электронды хабарландыруларды енгізуге мүмкіндік береді, деп атап өтті ол. Министр атап өткендей, әділет министрлігі денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп донорлықты, адам ағзалары мен тіндерін алуды және транспланттауды реттейтін N 16.98 заңының ережелерін іске асыру үшін, сонымен қатар, оларды қолдану үшін нақты кедергілерді жоя отырып жұмыс істейді. Бұған қоса, инспекциялар қайырмалдық  арқылы келген ағзаларға сұраныстардың қалай қабылданатынына және тіркелетініне, істердің сот мақұлдауынан кейін қалай өңделетініне және шешімдердің мамандандырылған медициналық мекемелерге қалай берілетініне назар аударады.

0 пікір
Мұрағат