Араб елі «алтын виза» бағдарламасының аясын кеңейтеді
Араб елі «алтын виза» бағдарламасының аясын кеңейтеді
13 күн бұрын 661 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Біріккен Араб Әмірлігінің билігі жасанды зерде мен бұлтты технология, экология және активтерді басқару салаларына біліктілігі жоғары мамандарды тарту мақсатында «алтын виза» мүмкіндіктерін кеңейтеді. Бұл жайында islam.kz порталы Khaleej Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сарапшылардың айтуынша, пандемиядан кейін аталмыш бағдарламадағы негізгі бағыт жаңа капиталды тартуға, экономиканы дамытудың стратегиялық мүмкіндіктеріне ауысты. Егер 2022-2023 жылдары негізгі виза алушылар жылжымайтын мүлікке қаржы құйған инвесторлар болса, 2023 жылдан бастап мұндай визаны БАӘ экономикасына және қоғамына пайдасын тигізетін құндылықты ұстанатындар алған. 2023 жылдың дерегі бойынша тек бір Дубайдың өзінде 158 мың «алтын» виза берілген екен, соның ішінде 40%-ға жуығына инвесторлар ие болған, ал 60% - түрлі салалардың кәсіпқойлары мен мамандары алды. Олардың арасында банк секторы, АІ технологиясы, климаттық технологиялар және АТ саласындағы сарапшылар бар. Қазіргі уақытта АІ, IoT, бұлтты есептеулер және орнықты даму жөніндегі мамандар санының өсуі байқалады. «Алтын» виза - инвесторларға ғана емес, оқуда озат студенттерге, көрнекті ғалымдарға, беделді жоғарғы оқу орнының түлектеріне, бағдарламашыларға және басқа да білікті мамандарға берілетін 10 жылдық ықтиярхат. Жақын арада бұл тізімге жаңа санаттар қосылуы мүмкін, атап айтқанда, ИІ, климаттық технологиялар және киберқауіпсіздік салаларының мамандары кіруі ықтимал.

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3