|
Араб елі ақыл-естен айыратын қылмысқа жауапкершілікті күшейтеді
|
Біріккен Араб Әмірлігінің билігі есірткі және психотропты заттармен күрес жөніндегі заңға түзету енгізу туралы федералды жарлықты қабылдады. Бұл жайында islam.kz порталы Khaleej Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Түзетуге сәйкес есірткі немесе психотроптық заттарды рецептісіз беретін дәріханалар, сондай-ақ, мұндай дәрілерді жазып беретін лицензиясы жоқ дәрігерлер кемінде бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыралады және кемінде 50 мың дирхам айыппұл салынады. Мұндай заңсыздықтар енді есірткіні пайдалануға жәрдемдескенмен бірдей қылмысқа теңестіріледі. Аталмыш заңда, сондай-ақ, есірткі қылмысы үшін сотталған шетелдік азаматтарды депортациялау қарастырылған. Егер қылмыс жасаған адам БАӘ азаматының бірінші дәрежелі жұбайы немесе туысы болса, не егер ол елде тұрақты тұратын отбасының мүшесі болса және соттың бағалауы бойынша депортация отбасының тұрақтылығын елеулі түрде бұзса, сот осындай кез келген сотталған шетелдікті депортациялау туралы шешім шығаруға міндетті. Мемлекет. сондай-ақ. есiрткiнi бақылау саласындағы өкiлеттiктер мен құзыреттерді қайта қарастырыпты. Денсаулық сақтау және алдын алу министрлігі мен оның басшысының орнына заңда Есірткі айналымын бақылау басқармасы мен оның төрағасы медициналық дәрі-дәрмекті реттейтін орган ретінде көрініс тапқан. Iшкi iстер министрлiгiнiң функциялары Есiрткiге қарсы күрес жөнiндегi ұлттық басқармаға жүктелген. Бұдан басқа, ғылыми және медициналық мақсаттарда есiрткi және психотроптық заттарды сақтау мен айналым нормалары жаңартылды. Мұндай қызметке лицензияны медициналық мекемелер, химия-талдау зертханалары, зерттеу орталықтары, сондай-ақ, уәкілетті органдардың бақылауымен медициналық дәрі-дәрмекті өндіру, сақтау және дистрибуциялау жөніндегі кәсіпорындар ала алады.