Араб елі баласына екпе салдырудан бас тартқан ата-аналарға айыппұл салады
Араб елі баласына екпе салдырудан бас тартқан ата-аналарға айыппұл салады
2 сағат бұрын 36 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Біріккен Араб Әмірлігі инфекциялық аурулармен күресу туралы қолданыстағы заңнама талаптарын қатайтуы мүмкін. Бұл жайында islam.kz порталы  Khaleej Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Соның ішінде баласына міндетті екпені салдырудан бас тартқан ата-аналарға қатысты жауапкершілік қатаңдатылады. Федералды ұлттық кеңес таяуда мақұлдаған заң жобасына сәйкес баласына екпе салдырмаған ата-анаға 20 мың дирхам айыппұл салынады. Бұл түзету инфекциялық аурулармен күрес жөнінегі заңнамаға енгізіледі. Аталған араб еліндегі ұлттық иммундау бағдарламасы бойынша бала туған сәтінен бастап 11 сыныпқа дейін екпе алуы тиіс. Аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу үшін. Балаларға екпе тегін салынады. Яғни, мемлекет есебінен қаржыландырылады. Екпе салдырудан аллергиясы бар және өзге де медициналық себептер бойынша бас тарта алады.

0 пікір
Мұрағат