|
Араб елі бес жылда ауызсудың 60%-н теңіз суын тұшшыландыру есебінен тұтынады
|
Марокко 2030 жылға таман ауызсудың 60%-н теңіз суын тұшшыландыру есебінен алатынын жариялады. Бүгінде аталған араб елі ауызсудың 25%-ын теңіз суынан алып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Марокконың су ресурстары министрі Назыр Барақтың мәлімдемесіне жөн сілтеген Reuters ақпарат ресурсына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Министр теңіз суын тұшшыландыруды арттыруға қатарынан бірнеше жылға созылған құрғақшылық ыпал еткенін жеткізді, соның ішінде азық-түлік өндірісі мен ауыл шаруашылығын тұшшы сумен қаматамасыз ету үшін осындай қадамға баруға мәжбүр екенін жасырмады. Министрдің айтуынша, Марокко 2030 жылға қарай салынып жатқан стансаларға, сондай-ақ, келесі жылдан бастап тендерге қойылатын жаңа нысандарға сүйене отырып, жылына 1,7 миллиард текше метр теңіз суын тұшшыландыруды жоспарлап отыр. Ең ірі жоба Тизниттің маңында орналасады - шамамен 10 миллиард дирхам инвестиция тартылған. Жоспарланған қуаты 350 миллион текше метр болатын ол Марокконың ауыл шаруашылығы орталықтарын, сондай-ақ, іргелес жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін сумен қамтамасыз ететін болады. Надон, Танжер және Рабатта қосымша стансалар салу жоспарлануда, олардың соңғысы Veolia француз компаниясымен серіктестік орнатқан, сондай-ақ, Тантанда үкімет жасыл сутек пен аммиакты экспорттауға бағытталған айлақ құру мүмкіндігін қарастыруда. Қазіргі уақытта Марокко жыл сайын 345 миллион м ³ су тұшшыландыратын 17 қондырғыны пайдаланады. Жалпы сыйымдылығы 540 миллион метр³ болатын қосымша төрт нысан салынып жатыр. Олардың құрылысы 2027 жылға қарай аяқталады. Назыр Барака «барлық жаңа су тұшшыландыыру қондырғылары жаңартылатын энергиямен жұмыс істейтін болады» деп атап өтті. Марокконың жер үсті суларының 30% жоғалуына алып келетін дамбалардағы булануға қарсы тұру үшін ел Танжер маңындағы пилоттық учаскеден бастап жүзбелі күн панелдерін орната бастады.