Араб елі экспаттарға бала асырап алуға рұқсат етті
Араб елі экспаттарға бала асырап алуға рұқсат етті
Кеше 151 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Біріккен Араб Әмірліктерінде алғаш рет шетелдіктерге баланы қамқорлығына алуға рұқсат ететін заңнамадағы өзгерту күшіне енді. Бұл жайында islam.kz порталы The National News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жаңартылған заңда діні мен нәсіліне немесе ұлтына қарамастан жасы 25-тен асқан кез келген ерлі-зайыптыға бала асырап алуға өтініш беруіне мүмкіндік қарастырылған. Ол ол ма, жалғызбасты әйелдерге қойылатын талап жұмсартылған: 30 жастан бастап (егде жастағыларға да шектеу жоқ) бала асырап ала алады. Бұрын бұл тараптағы жүйе мүлдем басқаша жұмыс істейтін: бала асырап алу құқығы тек БАӘ азаматтарына тиесілі болатын. Ал бала асырап алғысы келетін жалғызбасты әйелдің жасы 30-50 аралығында болуы тиіс. Осылайша аталған араб елінің билігі отбасы құндылығын реттеу саласындағы маңызды қадам жасап, болашақтың азаматтарын ел аумағында қалуына жағдай жасап отыр. Бала асырап алғысы келетін ел азаматтарына да, шетелдіктерге де қойылатын екі талап бар: біріншісі – баланы қамтамасыз ете алатын қаржысы болуы керек, екіншіден – асырап алған балаға қамқоршы өз наным-сенімін танбауы тиіс. Егер тәрбие барысында қандай да бір қиындық туындаса, баланы мемлекет қамқорлығына бірден қайтарып алмайды, арнайы комитет жағдайды бағалап, оны түзетудің немесе қиындықтан шығудың жолдарын қарастырады. Ал асырап алынған баланың құқығы өрескел бұзылса, ешқандай жеңілдік берілмейді. Бала мемлекет қамқорлығына өтеді. Заңгерлер мен сарапшылар мұндай реформа отбасы құндылығын нығайтып қана қоймай, сонымен қатар, біліктілігі жоғары мамандарды тартуға да көмектесетінін алға тартып отыр. Осы орайда бала асырап алу процедурасы толық мәнде орындалмайтынын айта кеткіміз келеді: бала қамқорлығына алған адамның мұрагері бола алмайды (егер асырап алған адам өзі қалап мұрагер етіп тағайындамаса) және әулеттің шежіресіне енгізілмейді. 

0 пікір
Мұрағат