|
Араб елі жаһандық иммунитет индексінде көш бастады
|
Марокко иммундық денсаулықты өмір сүру салты мен климатты бір контексте қарастыратын жаһандық индесте бірінші орынға шықты. Бұл жайында islam.kz порталы Morocco News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тарапта аталған араб елі 80-нен 63,4 нәтижесімен әлемнің 29 елін артқа тастаған екен. Бүкіл әлемдік иммунитет индексін биыл қоспалар өндірісімен айналысатын британдық Nature's Best компаниясы жариялады. Ғалымдар бұл тарапта күнделікті өмір мен қоршаған ортаның иммундық жүйеге қалай әсер ететінін түсіну үшін қоғамдық денсаулық сақтау мәліметтерін, ауа райы жазбаларын және Google іздеу сұрауларын зерттеді. Марокколықтар иммунитетінің күштілігі жауын-шашынның төмен болуымен, сыздан көгеру мен ылғалдылық бойынша онлайн ізденіс деңгейінің аз болуымен, сондай-ақ, бұл бағыттағы зерттеуге қатысқан көптеген елдермен салыстырғанда шылым шегу секілді жат әдеттерге үйір болудың төмен деңгейімен байланысты екендігі анықталды. Мұндай факторлар организмге түсетін ауыртпалықты азайтып, иммунитетті нығайтуға септігін тигізуі мүмкін. Үндістан 54,2 нәтижемен екінші орынды иеленді. Оңтүстік Африка 53,7 нәтижемен үшінші орыннани көрінген. Америка құрама штаттары (30,4 ұпай) мен Ұлыбритания (28,5 ұпай), Еуропаның бірқатар елі төмен нәтиже көрсетті. Бұған семіздік пен темекі тарту секілді зиянды әдеттер себеп болған. Зерттеушілер индексті сегіз көрсеткішке негіздеді: медиандық жас, семіздік деңгейі, ішімдіктен аурухана төсегіне таңылу, темекі тарту, жылдық температура, қоршаған ортаның ластану деңгейі, жауын-шашынның орташа мөлшері және Google-дағы «сыздан көгеру» және «ылғалдылық» бойынша ізденістер. Ұпайлар саны елдер арасындағы көрсеткіштерді салыстыру үшін стандартталды. Индекс адамдардың иммундық жүйесін тікелей тексеру процедурасын қамтымайды. Оның орнына иммундық жүйенің денсаулықпен уақыт өте келе байланыстыратын факторларын қарастырады.