Араб елі кәмелет жасын төмендетті
Араб елі кәмелет жасын төмендетті
2 күн бұрын 245 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Біріккен Араб Әмірліктерінің билігі азаматтық құқықтық қатынас туралы жаңа заңды қабылдады. Оған сәйкес кәмелет жасы бұдан былай 18 болып белгіленді. Бұл жайында islam.kz порталы The National News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұндай өзгеріс ең алдымен аташған араб елініғ құқықтық жүйесін жетілдіруге бағытталған және халықаралық стандарттарға сәйкестендіруді мақсат етеді. Жаңа нормаларға сәйкес азаматқа тән қабілетке ие болу жасы ай күнтізбесі бойынша 21 жастан григориан күнтізбесі бойынша 18 жаасқа төмендетілді. БАӘ билігі мұндай өзгеріс еңбек, қылмыстық, т.б. заңнамаларда кәмелет жасын біріздендіруге әрі түрлі құқықтық мәселелерді шешуге көмектеседі. Заң, сондай-ақ, кәмелетке толмаған адам сотқа жүгініп, өзінің қаржы активтерін дербес басқаруға рұқсат ала алатын ең төменгі жасты исламдық күнтізбе бойынша 18 жастан григориан бойынша 15 жасқа дейін төмендетеді. Бұдан басқа, құжат соттардың дискрециялық өкілеттіктері мен құзыретін кеңейтеді, соның ішінде тікелей заңнамалық реттеу болмаған жағдайда шариғат нормаларын қолдануға рұқсат етіледі. 

0 пікір
Мұрағат