Араб елі мал басын көбейтудің қамына шындап кірісті
Араб елі мал басын көбейтудің қамына шындап кірісті
1 ай бұрын 352 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Марокко бірнеше жыл қатарынан жайлаған құрғақшылықтан мал басы (38 пайызға) күрт кеміп кеткендіктен Еуропалық одақтан қой тасымалдап, ең ірі импорттаушы елге айналды. Бұл жайында islam.kz порталы en.hespress.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 2025 жылдың алғашқы екі айында Еуропа комиссиясы жариялаған соңғы статистикалық мәліметке сәйкес аталған араб елі ЕО-дан 113 000 қозы импорттады, бұл көрсеткіш осы кезеңдегі блоктың жалпы қой экспортының (144 000 бас) шамамен 80% құрайды. 2025 жылдың қаңтар және ақпан айларында ЕО-дан сиыр еті экспорты 2024 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,7%-ға қысқарған екен. Негізгі бағыт Ұлыбритания болып қалады (36%), одан кейін - Түркия (7%). Марокко, сондай-ақ, Израил, Алжир, Гана елдерінен 5700 тонна сиыр етін импорттаған. Бұл көрсеткіш ЕО-дан импорттаған сиыр етінің жалпы ауқымына шаққанда 3,9%-дан аспайды. Марокконың ауыл шаруашгылық министрі Ахмет әл Буар биыл елдегі мал басын қалпына келтіруге бағытталған мемлекеттік бағдарлама аясында 3 млрд дирхам (325 млн доллар шамасында) қаржы бөлінетінін жеткізді қазынадан. Ал келесі жылы қарыз қамытынан құтылу және мал шаруашылығын құрылымдау жұмыстарына 3,2 млрд дирхам (шамамен 347 млн доллар) бөлінеді. Бұған қоса, малдың жем-шөбіне демеуқаржы қарастырылады. Осы орайда биылғы Құрбан айтта Марокко халқы құрбан мал шалмағанын айта кетпекпіз. Мал басының кемдігіне байланысты.

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3