Араб елі отаршылдықты қылмысқа жатқызатын заң жобасын талқылап жатыр
Араб елі отаршылдықты қылмысқа жатқызатын заң жобасын талқылап жатыр
2 сағат бұрын 34 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Алжир парламенті елде 1830 жылдан 1962-ші жылға дейін созылған француз отаршылдығын қылмысқа жатқызуды көздейтін заң жобасын талқылауға кірісті. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Африка бастамасы деп аталатын ақпарат агенттігіне жөн сілтеген IslamNews сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл заң жобасын Ұлттық ассамблея жетекшісі Ыбырайым Бұғалы ұсынды. Құжатта «француздардың отаршылдық кезеңдегі қылмыстарын тізу, отаршылдығы үшін Францияның жауапкершілігін анықтау, мойындату мен кешірім сұрауды талап ету тетіктерін жасау, сондай-ақ, отаршылдықты ұлықтайтындар мен көтермелейтіндерге (дәріптейтіндерге) қылмыстық шаралар қабылдау» қажеттілігі айтылған. Бұдан бөлек, отаршылдығы үшін Франциядан өтемақы және моралдық зиянның орнын толтыруды талап етеді. Аталмыш заң жобасы авторының айтуынша, мұндағы мақсаты француздарға қарсы кек алу немесе өшпенділікті қоздыру емес. Құжаттың негізінде адамзатқа қарсы қылмыстар уақыт өткен сайын жойылмайды, ақталмайды, осыған байланысты мұндай қылмыстарды жабулы қазанды жабулы күйінде қалдырмауды көздейді. Францияның отарлау дәуірінде Алжир елде де, шетелде де миллиондаған жазықсыз адамдардың өмірін қиған жаппай қырып-жоюдың куәгері болды. Бұл қылмыс жазасыз қалмауға тиіс. Заң жобасындағы аса ауыр қылмыстардың қатарында Алжирдің Сахар қаласында бірнеше ұрпақ адамдарының денсаулығына және экологияға зиян келтірген Франция жүргізген ядролық сынақтар бар. Құжатта Алжирдің француздардың отарлауына қатысты мемлекеттік қылмыс екенін растайтын 27 бап бар, ол үшін Франция заңды және моралдық жауапкершілікке тартылады. Осы орайда Франция мен Алжирдің қарым-қатынасы Париж және басқа да бірқатар батыс елдері Марокконың Батыс Сахара үстіндегі егемендігін мойындағаннан кейін айтарлықтай нашарлағанын айта кетпекпіз.

Ұқсас материал:

Араб елі Еуропа елінен ядролық сынақтардың салдарын жоюды талап етуде

0 пікір
Мұрағат