Араб елі өз-өзіне қол жұмсауға оқталғандарға қарсы қылмыстық жазаны жойды
Араб елі өз-өзіне қол жұмсауға оқталғандарға қарсы қылмыстық жазаны жойды
16 сағат бұрын 193 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Біріккен Араб Әмірлігінің таяуда қабылданған заңнамасы зардап шеккендерге көмек көрсетуді қарастырады және өзін-өзі өлтіруге итермеелегендерге жазаны қатайтады. Бұл жайында islam.kz порталы Gulf News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. БАӘ-де өз-өзіне қол жұмсау әрекеті енді қылмыстық әрекет ретінде қарастырылмайтын заңнамаға өзгерістер енгізілді. Реформа психологиялық дағдарысқа ұшыраған адамдарды қолдауға және осындай жағдайлардың алдын алуға бағытталған. Енді өзін-өзі өлтіруге әрекет еткен адамдарға қылмыстық қудалаудың орнына медициналық және психологиялық көмек көрсетілетін болады. Билік жазаны алып тастау зардап шеккендерге заңдық салдардан қорықпауға және мамандарға уақытылы жүгінуге мүмкіндік береді, деп есептейді. Сонымен қатар, елде басқа адамдардың өзін-өзі өлтіруге мәжбүр еткені үшін жауапкершілік күшейтілді. Жаза салдарына байланысты болады. Егер адам аман қалса, кінәлі тұлғаны қамауға алу, айыппұл салу немесе осы екі жаза қатар тағайындалуы мүмкін. Егер зардап шегуші өз-өзіне қол жұмсау кезінде денсаулығына айтарлықтай зақым келіп, кемтар болып қалса, науқастанса немесе күнделікті іс-әрекеттерді 20 күннен астам уақытқа өз бетінше орындау қабілетін жоғалтса, үш жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айыру және айыппұл салу көзделген. Егер суцицд жасаған адам қайтыс болса, мерзім бес жылдан жеті жылға дейін құрайды. Бұл тарапта заңнамада кәмелетке толмағандар мен өз-өзіне толық есеп бере алмайтын немесе өз бетінше шешім қабылдай алмайтын адамдарды қорғауға ерекше назар аударылған. Мұндай жағдайларда жаза әлдеқайда қатал, қасақана кісі өлтіргені немесе оған қастандық жасағаны үшін ауыр айып тағылуы мүмкін. Адамда өзін-өзі өлтіруге көндіргені немесе оған жәрдемдескені үшін сотталған шетелдіктер БАӘ-ден депортацияланатын болады. Бұл ретте сот кінәліні, егер ол өз еркімен араласып, адам өлімінің алдын алса, жазадан босата алады. Алайда, егер зардап шегушінің денсаулығына айтарлықтай зиян келтірілсе, мұндай жеңілдік қолданылмайды. Үкіметте жаңа ереженің адам өмірін қорғауға, ауыр қылмыстар үшін жауапкершілікті күшейтуге және психологиялық көмекке мұқтаж адамдарға барынша адамгершілік қарым-қатынасты қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті

Ұқсас жаңалық:

Өз-өзіне қол жұмсап өле алмай қалғандарды өлім жазасына кесетін болады

0 пікір
Мұрағат