Араб елі қылмыскерлерді түрмеге тоғыта бермей, жазалаудың басқа түрлерін қолданып жатыр
Араб елі қылмыскерлерді түрмеге тоғыта бермей, жазалаудың басқа түрлерін қолданып жатыр
2 сағат бұрын 47 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Марокко айналдырған алты ай ішінде 1300-ден аса баламалы жаза түрлерін қолданған айыпталушыларға. Елдің қылмыстық құқық жүйесін жетілдіру барысында жүздеген тұтқын бостандыққа шыққан. Бұл жайында islam.kz порталы Morocco News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Әділет министрі Әбділәтіп Уақби 2025 жылдың тамыз айының 22-нен 2026 жылдың ақпан айының 11-не дейін 1392 баламалы жаза түрлерін қарастырған үкім шығарылған. Осының арқасында 782 тұтқын бостандыққа шыққан, олардың 85-і баламалы жаза түрлерін орындаудан бас тартқан немесе полцияға бағынбаған. Бұл дерек парламент қабырғасында реформаның қалай іске асып жатқанына байланысты мәселе көтерілгенде келтірілген болатын. Күн сайынғы айыппұлдар неғұрлым жиі қолданылатын жаза түріне айналған – 626 рет қолданылған мұндай жаза. Осыдан кейін 466 іс бойынша қоғамдық жұмыстар жегілген, ал 285 шешім айыпталушының құқықтарын шектеуге байланысты шығарылған. Бұдан бөлек, айыпталушыларды қадағалау, оңалту немесе медициналық шараларға қатысты мәжбүрлеу шаралары қолданылған. Ондаған адам жазасының жартысын түрме қабырғасында өтеп, қалған бөлігі баламалы жаза түріне ауыстырылған. Дегенмен, баламалы жаза түрлерінің тиімділігі төмен: қылмыстық жауапкершілік әкімшілік жауапкершілікпен теңестірілгендей әсер қалдырып отыр. Ол ол ма, бостандыққа шығып алған соң баламалы жаза түрлерін орындаудан бас тартқандары да, үкімге атүсті қарағаны да, елемегені де кездесіп отыр. Соның ішінде қоғамдық жұмыстарға жегу туралы үкімдердің орындалуы көңіл көншетпейді. Қысқасы, әуресі мен машақаты көп. Электронды мониторинг көрсеткендей, баламалы жазаны орындау кезінде жеті айыпталушы тағы қылмыспен көзге түскен. Десе де сот жазаны қатаңдату немесе түрме режиміне ауыстыру құзыретін сақтап қалған. Әрбір істің ауырлығы мен қайталануына қарай. Ең басты, заңдық және құқықтық процессуалды нормаларға байланысты. Марокко билігі мұндай қадамға әр тұтқынға мемлекет бюджетінен кететін шығынды азайту, тұтқындарды оңалту әрі қоғаммен етене аралсуына, жатсынбауына жағдай жасау үшін барып отыр.

0 пікір
Мұрағат