Араб елі су тапшылығын жоюға қомақты қаражат жұмсайтын болды
|

Біріккен Араб Әмірліктерінің билігі су тапшылығына қатысты күрмеуі қиын күрделі мәселелерді шешуге қомақты қаражат, дәлірегі, 150 млн доллар бөледі. Бұл жайында islam.kz порталы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, аталған араб елі бұл қаражатты су қауіпсіздігі осал елдерге қолдау көрсетуге аударады. Сондай-ақ, БАӘ-нің индустрия және озық технологиялар министрі Сұлтан бен Ахмет әл Жабыр метан мен ілеспе мұнай газының атмосфераға бөлінетін мөлшерін азайту үшін Бүкіл әлемдік банктің трасттық қорын қаржыландыру жобаларына 100 миллион доллар бөлетінін хабарлады.
Көп оқылғандар

■
Электр желісін істен шығаратын қару пайда болды (видео)

■
АІ үлгілері өздері аман қалуы үшін адамды өлтіруге дайын – зерттеу

■
Жоғалу қатері төнген қолөнерді сақтау үшін 48 мың адам оқытылады

■
Араб елі «алтын виза» бағдарламасының аясын кеңейтеді

■
Араб елінде қасиетті Құранға қатысты көне дәстүр жаңғырып келеді