Араб елінен табиғатта сирек кездесетін металдар табылды
Араб елінен табиғатта сирек кездесетін металдар табылды
7 ай бұрын 941 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Таяуда Марокконың оңтүстік-шығысында орын тепкен Аммасин ауданы аумағынан пайдалы қазба табылды. Бұл жайында islam.kz порталы Morocco News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл жаңалыққа қатысты Hespress азаматтық қоғамының өкілдері жаңа кен орындары жергілікті және ұлттық экономикаға серпін беретінін алға тартып отыр. Канадалық Catalyst Mines Inc компаниясының білікті мамандары аталмыш кеніште осы заманғы таза технологияға аса қажетті әрі маңызды минералдардың, атап айтқанда, хромның мол қоры мен никелдің және кобальттың едәуір бөлігі жасырулы жатқанын мәлімдеді. Алдын ала алынған дерек бойынша мұндағы пайдалы қазбаны ақшаға шаққанда 60 млрд доллардан асады. Бұл кеніш мыңдаған тікелей және жанама жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Ал бұл жайт өз кезегінде белең алып тұрған жұмыссыздық мәселесін шешуге әрі урбанизация процесін баяулатуға көмектеседі. Бұдан бөлек, елдің экономикалық белсенділігін арттырады – инфрақұрылым салу әрі тау-кен мен металлургия саласында жұмысшы күшін біліктілікке баулу есебінен. Стратегиялық тұрғыдан маңызды жобаға айналуы тиіс кеніш Марокконы маңызды шикізат нарығында белді ойыншыға айналдырады. Хромға, кобальтқа, никелге сұраныс электрмен жүретін көлікте, аккумуляторлық батарея технологиясында, таза энергетикалық ерітінділерде қолданылуына байланысты өсіп келеді. Осы орайда марокколық кобальт әлемдегі ең сапалысы саналатынын айта кету керек – электроникалық бұйымдар мен ақылды чиптерде, т.б. марокколық кобальтты алмастыра алатын металл жоқ.

0 пікір
Мұрағат