Араб «шенгені» жақын арада іске қосылады
|

AZƏRTAC шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлағандай, бұл бір реттік бірыңғай виза шетелдік туристерге Парсы шығанағы араб мемлекеттері ынтымақтастығы кеңесіне (ПШАМЫК) мүше барлық алты елге – БАӘ, Сауд Арабиясы, Бахрейн, Катар, Оман және Кувейтке – бір ғана құжатпен кіруге мүмкіндік береді. Бұл жаңалық өңірдің туризм саласы үшін үлкен ілгерілеу ретінде бағаланып отыр. Сарапшылардың пікірінше, ол жаңа жұмыс орындарын ашып, ЖІӨ-нің өсуіне айтарлықтай үлес қоса алады.
Бірыңғай визаның енгізілуімен іскерлік және демалыс сапарларын біріктіретін аралас саяхаттардың танымалдығы артады деп күтілуде. Туристер енді тек іскерлік мәселелерді шешіп қана қоймай, көршілес елдерді де аралап, сапарларын мазмұнды әрі қызықты ете алады.
Парсы шығанағы араб мемлекеттері ынтымақтастығы кеңесінің Статистикалық орталығының деректері бойынша, 2023 жылы өңірге 68,1 миллион қонақ келген. Туризмнен түскен табыс 10,4 миллиард доллар болып, пандемияға дейінгі 2019 жылмен салыстырғанда 42,8%-ға артқан.
Дүниежүзілік саяхат және туризм кеңесінің (WTTC) деректеріне сәйкес, БАӘ-де туризм секторының экономикаға қосқан үлесі артып келеді. Бұл салада 2023 жылы 833 мың адам жұмыс істеген. 2030 жылға қарай бұл көрсеткіш 1 миллионнан асады деп жоспарланып отыр. Осылайша, елдегі әр тоғызыншы адам қонақүй және туризм саласында еңбек ететін болады.
Өңірдің басты туристік орталығы саналатын Дубай 2025 жылдың алғашқы төрт айында 7,15 миллион турист қабылдады. Бұл 2024 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 7%-ға көп.
Айта кетелік Марокко 7,2 миллион турист қабылдап, жаңа рекорд орнатты.
Назым Бөлесова
Өзбекстан шетелдіктер үшін «алтын виза» енгізуді жоспарлап отыр
KAZINFORM – Өзбекстанда 1 маусымнан бастап шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға бес жыл мерзімге тұруға рұқсат алудың оңтайланған тәртібі енгізіледі. Бұл норма президенттің 18 сәуірдегі жарлығында бекітілген, деп хабарлайды Gazeta.uz республиканың Әділет министрлігіне сілтеме жасап.
– Құжатты алу үшін өтініш беруші 200 мың АҚШ долларын, сондай-ақ отбасының әрбір мүшесі – жұбайы, балалары мен ата-анасы үшін 100 мың доллардан төлеуі керек, – делінген хабарда.
Республика билігі осылайша елге жаңа инвестиция тартуға үмітті.
Елде тұру ықтиярхаты – азаматтығы жоқ адамның немесе шет мемлекет азаматының жеке басын куәландыратын, Өзбекстан Республикасының аумағында тұрақты тұруға рұқсатты растау үшін берілетін құжат.
18 сәуірде Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев бизнес үшін салық жеңілдіктерін енгізу туралы жарлыққа қол қойды. Сондай-ақ, президент жарлығымен шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға тұрақты тұруға рұқсат беру туралы анықтаманы ақылы түрде беруді жеңілдету қарастырылған.
Айта кетейік, Өзбекстан SpaceX компаниясымен бірлесіп ғарышқа өз спутнигін ұшырмақ.
Жарасқан Нұрыбаев
Германияда заңсыз мигранттармен күрес күшейді
Германия әскерилері кейінгі бір аптада шекараны заңсыз аспақ болған 750-ге жуық адамның жолын кесті, деп хабарлады 24.kz
Бұл алдындағы аптамен салыстырғанда 45% көп. Мамандар: «Бұл жергілікті биліктің көші-қон саясатын қатаңдатуының нәтижесі», – дейді. Таяуда неміс елі шекарадағы әскерилер санын ұлғайтты. Техника да көбейген. Мұның бәрі – заңсыз мигранттар нөпіріне төтеп берудің амалы.
Былтыр Германиядан баспана сұрау туралы 237 мың сауал түскен екен. Бұл Еуроодақ бойынша ең үлкен көрсетіш. Жергілікті биліктің хабарлауынша, өткен жылы елде жасалған әрбір оныншы қылмысқа мигранттардың қатысы болған.
Грекияда круиз кемесімен келетін туристерге салық салынады
Грекияда круиз кемесімен келетін туристерге салық салынады, деп хабарлайды 24kz.
Жолаушылар Миконос және Санториниге түсер кезде 20 еуро, ал басқа аралдарға аяқ басқанда 5 еуро төлеуге тиіс. Бұл туралы Euronews хабарлады.
Жаңа салық келесі айда енгізілмек. Бұл ақша айлақтардағы инфрақұрылымды жақсартуға жұмсалады. Грек үкіметі теңіз арқылы қыдыратын шетелдік саяхатшылар санының күрт артқанын айтады. Бірақ, круиз компаниялары бұл шешімді сынға алып жатыр. Олар салық туризмге кері әсер етеді деп есептейді.
Сэнди Вейр, туристік мекеме өкілі: - Біз бұл салық мөлшерін өте жоғары деп есептейміз. Әлі де болса үкімет біздің жағдайымызды ескереді және салық көлемін өзгертеді деген үмітіміз бар.




