|
Араб түбегінде заңсыз мигранттарға айрықша кеңшілік беріледі
|
Саудияның білім беру министрлігі ел аумағында заңсыз жүрген иммигранттардың балаларына жаңа оқу жылынан бастап мектептерде білім алуына рұқсат берілетінін жариялады. Бұл жайында islam.kz порталы ArabNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған ел аумағында заңсыз тұрып жатқан ата-аналар мектепке балаларын оқыту үшін байланыс деректерін, атап айтқанда, тұрып жатқан мекен-жайын, телефон нөмірін беруі тиіс. Оларға депортациялау қаупі төніп тұрған жоқ, яғни, оларды елден қумайды. Мектепке қабылданған баланың ата-анасы оқу жылы ішінде өзінің мәртебесін заңдастыратыны жөнінде қолхат береді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Химиктер тауардың жасанды көшірмесін жасауға жол бермейтін технология ойлап тапты
■
Мұсылмандар елі христиандардың басты мерекесін демалыс етіп жариялады
■
Азиядағы ең қымбат компанияның табысы рекорд орнатты
■
Сингапур 2025 жылы байлығы жағынан екінші ел атанды
■
Халал инвестиция 2025 жылы 25,5% табыс әкелді