|
Арабтар «Рашид ауылы» атты жаһандық қайырымдылық бастама көтерді
|
Дубайдың тақ мұрагері, ұлы мәртебелі шейх Хамдан бен Мұхаммед әл Мақтұм марқұм бауыры Рашид бен Мұхаммед әл Мақтұмның құрметіне жаһандық қайырымдылық бастамасын көтерді. Бұл жайында islam.kz порталы Arabian Business ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш жоба күллі әлем бойынша әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасыларға арнаған ықшам ауыл құрылысын ұйғарады. Мұқтаж жандар мұндай елді-мекеннен баспанаға ие болып қоймай, сонымен қатар, тегн білім ала алады, медициналық процедураларға қол жеткізе алады және әлеуметтік қызметтерге жүгіне алады. Алғашқы ауыл Кения аумағында тұрғызылмақ. Ауданы 7,2 гектар болатын ауыл тұрғындарының энергияға қажеттілігі жаңғыртпалы энергия көздерімен қамтамасыз етіледі. Ауылда мешіт, спорт академиясы, т.б. әлеуметтік нысандар бой көтереді. Rashid Education Project бағдарламасы 320-дан аса балаға цифрлы жүйе кіріктірілген білім алу мүмкіндігіне ие болмақ. Ал ересек тұрғындарды белгілі бір кәсіпке баулып, шағын бизнесті жүргізудің қыр-сыры үйретіледі. Бұл айрықша бастама әлемнің әр түкпірінде қолдау табуы тиіс.