Арам индустриясы 830 млрд доллар шығынға батты
Арам индустриясы 830 млрд доллар шығынға батты
2 сағат бұрын 38 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Әлемдегі сыра, шарап және күшті алкогол өнімдерін өндірушілердің акциялары соңғы төрт жылда нарықтық құнынан шамамен 830 млрд доллар жоғалтты. Бұған тұтынушылардың жат әдетке деген көзқарасының түбегейлі өзгергені мен аталмыш салаға мемлекет тарапынан түрлі шектеулер себеп болған. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Times Bloomberg  агенттігіне жөн сілтеген The Business ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.  

Акциялар құнының негізгі төмендеу себептері:

• Салауатты өмір салтын ұстану арқылы саналы түрде ішімдіктен бас тарту;  

• Тұтынушылардың, әсіресе, жастардың денсаулығына жауапкершілікпен қарауы;  

• Тарифтердің өсуі, жоғары пайыздық мөлшерлемелер, тұтынушылар сенімінің төмендеуі, тіпті, кейбір елдерде (мысалы, Қытайда) ресми іс-шаралар үшін ішімдік өнімдерін тұтынуға, 21 жасқа дейінгілерге ішімдік сатуға, т.б. тыйым салу.  

50-ге жуық ірі алкоголдік компанияларды қадағалайтын Bloomberg индексі қазір 2021 жылғы рекордтық деңгейден шамамен 46% төмен.  

Нарық бейімделуге мәжбүр: компаниялар сұраныстың төмендеуімен бетпе-бет келіп, бизнесті қайта құрылымдауға, өндірісті жабуға немесе қысқартуға және алкоголсіз сусындар сегменттерінен өсудің жаңа жолдарын іздеуге мәжбүр.

 

0 пікір
Мұрағат