|
Арзан опа-далап ауру жамайды
|
Сауд Арабиясының медицина қызметкерлері әйелдерге арзан опа-далапқа жоламауға кеңес беруде. Себебі, ондай опа-далаптар тері ауруларын тудырып, шаштың түсуін тездетеді және обыр дертіне шалдықтырады. Мұндай косметикалық өнімдерді дайындау кезінде оның технологиясы сақтала бермейді және құрамында зиянды май шамадан артық болып келеді. Осы саланың маманы Нажи Мажлауи мерзімі өтіп кеткен сапасыз опа-далап псориаз және витилиго секілді тері ауруларын тудырады. Ал дерматолог Әлі Әбдірахманның айтуынша, соңғы оны жылда бұл елде тері ауруларынан зардап шегетіндер қарасының көбеюіне негізінен опа-далап себеп болатын көрінеді. Өйткені, арзан опа-далаптың құрамында химиялық қосындылар көп.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Кентавр роботтың қандай пайдасы бар (видео)
■
Қазақстанда ел ішіп жүрген кейбір шайлар қауіпті болып шықты
■
Мәйіт өртейтін елде крематорилер жұмысын тоқтатып жатыр
■
2050 жылға таман жаһандық жылынудан тағы бірнеше жүз мың өлім-жітім болады
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады